Kyzylorda-news.kz. Елімізде жәндіктерді өлтіруге арналған улы химикаттардың сатылуына шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Республикасында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында дезинсекциялық және дератизациялық қызметте қолданылатын уытты заттармен улану фактілерінің тіркелуіне байланысты 2020 жылдың 20 ақпанында ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Н.Сәдуақасов «Санитарлық-профилактикалық шараларды жүргізу туралы» қаулы шығарды», делінген комитет хабарламасында.

Осылайша, бүгіннен бастап 1, 2, 3 сыныпқа жататын қауіпті дезинсекция және дератизация құралдарын сатуға тыйым салынды.

Аталған уақытша санитарлық шара ҚР заңнамасына тиісті өзгерістер енгізілгенге дейін азаматтардың денсаулығына және қоршаған ортаның жағдайына зиян келтіру қаупін төмендетуге мүмкіндік береді.

Тағы да оқыңыз: