Kyzylorda-news.kz. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі пен «Қазпошта» АҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған пошта маркаларын сатылымға шығару рәсімін өткізді.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тақырыптық марка шығарған алғашқы құқық қорғау органы.

Марка дизайнына құқық қорғау органының коммуникативті логотипі негізге алынған. Маркада Агенттіктің «Әділдік. Парасаттылық. Сенім» құндылықтары жазылған. Бұл құндылықтар логотипте қолданылған түстерде де берілген: аспан түстес – әділдікті, кемелдікке, жаңаруға ұмтылуды; көк түс – сенім мен қауіпсіздікті бейнелейді.

Пошта маркасына естелік белгі соғу салтанаты Агенттік Төрағасы Алик Шпекбаев пен «Қазпошта» АҚ Басқарма Төрағасы Сакен Сарсеновтің қатысуымен өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы өз сөзінде шараның маңыздылығын атап өтті.

«Жемқорлықпен күрес өзгеріске ұшырады. Бұрынғы қорқынышты, жазалау шараларына берілген басымдық енді құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оның мүмкіндіктерін жоюға ауысты. Cондықтан, Агенттік қылмыстық-құқықтық шаралармен қоса, жемқорлықты қабылдамау идеясын насихаттауға, ақпараттандыруға, сонымен қатар азаматтық қоғамды кеңінен жұмылдыруға күш салуда. Марканы шығару – осы жолдағы қадамның бірі», – деді Алик Шпекбаев.

_«Марка шығару – Қазақстан аумағында сыбайлас жемқорлыққа төзбеу идеясын таратуға және сыбайлас жемқорлыққа көріністеріне жол бермеу туралы Елбасы мен Мемлекет Басшысының ұстанымын сақтауға мүмкіндік беретін құрметті әрі ұмытылмас оқиға болады деп үміттенеміз», – деп атап өтті _Ұлттық пошта операторының басшысы Сакен Сарсенов__.

Марка 2020 жылдың 24 маусымынан бастап айналымға енеді. Бағасы – 200 теңге. Таралымы – 10 000 дана. Марканы «Мемлекет саясаты» сериясымен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі шығарды. Автор және графикалық дизайнер Д.Со, техникалық дизайн І.Оңғарбай.

Тағы да оқыңыз: