Kyzylorda-news.kz. Қазақстандағы төрт шайдың үшеуі импортпен келген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елімізде шай бағасы биылғы 10 айдың нәтижесі бойынша былтырғымен салыстырғанда бірден 10%-ға, ал кофе 4,4%-ға қымбаттады. Қазан айында жапырақты қара шайдың бір килограмы орта есеппен 3 063,3 теңгені құрады, бұл 2018 жылғы қазанмен салыстырғанда 6,8%-ға қымбат.

Қазақстандықтардың сүйікті сусыны, әсіресе Алматы, Қарағанды ​​және Қостанай тұрғындары үшін қымбат болып отыр. Үш тоқсанның қорытындысы бойынша, отандық өндірушілер шай мен кофеге деген сұранысты 27,3%-ға (былтыр 29,6%) ғана өтеді. Осылайша, импорттаушылар нарықтың төрттен үшіне ие болып отыр. Қазақстан нарығына негізінен Кения, Үндістан және Ресей елдерінен шай жеткізіледі.

Тағы да оқыңыз: