Kyzylorda-news.kz. 26 тамыз күні Жамбыл облысына қарасты Байзақ ауданындағы әскери қоймада жарылыс болды. Бұл оқ-дәрі сақталған қоймада болып жатқан алғашқы жарылыс емес. Осыған дейін Қазақстанда дәл осындай 7 жарылыс болған, деп хабарлайды Stan.kz.

Балқаш маңындағы жарылыс

2001 жылдың 8 тамызында Балқаш қаласынан 45 киллометр жерде орналасқан Тоқрау ауылындағы әскери қойма өртке оранды. Жарылыс бір апта бойы жалғасқан. Бұл кезде Сәт Тоқпақбаев қорғаныс министрі қызметінде болған. Жарылыс нәтижесінде қанша адам зардап шеккені белгісіз күйінде қалды.

Арыстағы төрт жарылыс

2009 жылы 20 наурызда “Казарсенал” ЖШС қоймасында жарылғыш заттар өртенген. Нәтижесінде оқ-дәрілердің жарылып кетті. Оқиға салдарынан 4 адам көз жұмды, 16 адам ауруханаға түсті. Снарядтар бірнеше киллометр қашықтыққа дейін атылып, көптеген үйлер мен көліктерді жойып жіберген. Бұл жарылыс барысында қазіргі ШҚО әкімі Даниял Ахметов қорғаныс министрі қызметінде болған.

2014 жылы Арыс қаласындағы “Қазақжарылысөнеркәсібі” акционерлік қоғамы аумағында жарылыс болып, екі адам қаза тапқан. Бұл кезде қорғаныс министрі – Серік Ахметов болған.

2015 жылы қарашада қаладағы полигон аумағында жарылыс болып, бір адам мерт болды. Ресми ақпарат бойынша, жарылыс әскери оқ-дәрілер мен өндіріс қалдықтарын жою кезінде болған. Жарылыс кезінде Иманғали Тасмағамбетов министр қызметін атқарған.

2019 жылы 24 маусымда Арыстағы әскери қоймада жарылыс болды. Жарылыс жайлы хабар таңғы 9.20-да түскен. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Арыстағы Қазақстан қарулы күштері бөлімдерінің бірінде өрт шығып, салдарынан әскери оқ-дәрі жарылған. Бұл жылы болған жарылыс кезінде Нұрлан Ермекбаев қорғаныс министрі болған.

Қараойдағы жарылыс

2009 жыл 8 шілде күні Алматы облысы Ілеу ауданында қорғаныс министрлігінің оқ-дәрі қоймасында жарылыс болды. Өрт жарылыс тоқтағаннан кейін бір күннен кейін ғана өшірілген. Бұл кезде де қорғаныс министрі Даниял Ахметов болған.

Отардағы жарылыс

Отардағы жарылыс 2013 жылдың 27 тамызында “Қазақжарылысөнеркәсіп” АҚ аумағында 122 миллиметрлік бос патрондарды залалсыздандыру кезінде болды. Жеті адамның денесін күйік шалды, олардың төртеуі қайтыс болды. Бұл кезде қорғаныс министрі қызметін Әділбек Жақсыбеков атқарған.

Тағы да оқыңыз: