Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда алдағы үш күнде ауа температурасы біртіндеп көтеріледі, деп хабарлады Қазгидромет.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, еліміздің басым бөлігінде 29-31 қазан аралығында күн ашық болады. Тек шығыста, солтүстік пен орталықта, оңтүстік-шығыста жаңбыр, қар жауады. Алайда шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын мол түсуі мүмкін.

Кей жерлерде жел күшейіп, бұрқасындатады, тұман түсіп, көктайғақ болады.

Сонымен қатар осы үш күнде бүкіл республика аумағына Иран аймақтарынан жылы ауа массалары енеді, нәтижесінде ауа температурасы көтеріледі.

Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер қараша айында ауа райы қандай болатынын болжады. Қарашаның бірінші жартысында республиканың солтүстік бөлігінде, шығысында және орталығында қыстағыдай ауа райы болады.

Жауын-шашын, көбінесе қар, қарлы боран, сондай-ақ көктайғақ пен тұман жиі түседі. Айдың бірінші жартысында ең суық күндерде термометр бағанасы түнде -10-23°C, күндіз -2-10°C дейін төмендейді. Айдың  екінші жартысында еліміздің оңтүстігінде жауын-шашын болады. Температура түнде -5-12°С, күндіз -1+5°С дейін төмендейді.

Тағы да оқыңыз: