Kyzylorda-news.kz. «Олимп» клиникалық-диагностикалық орталығы елімізде коронавирусты анықтауға арналған жедел-тест бағасы қанша болатындығын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сәби» қорының қайырымдылық көмегі аясында ең алдымен тәуекел тобына кіретін пациенттерге тегін жедел-тест жүргізу жоспарланып отыр. Ол үшін таяу уақытта адресі белгілі болатын сайтта арнайы сауалнаманы толтыру қажет. Эпидемиологтар сауалнамаларды өңдеп болғаннан кейін тәуекел факторы бар пациенттер тесттен өтуге шақырылады», – деп атап өтеді аталған зертханадан.

Таратылған ақпаратта жедел-тестілердің алғашқы топтамасы Қазақстанға жеткізіліп, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына 50 мыңнан беріледі. Тегін тестілеу жасалып болғаннан кейін Қазақстанның барлық қалаларында ақылы түрде жедел-тестілеу жүргізіледі. Оның болжамды құны 4 мыңнан 5 мың теңгеге дейін болады. Ақылы тестілеудің қашан басталатындығы қосымша хабарланбақ.

Тағы да оқыңыз: