Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда коронавирустық инфекциядан қайтыс болғандар саны 5 адамға жетті. Бұл туралы www.coronavirus2020.kz хабарлады.

4 сәуір күнгі 15:40-тағы мәлімет бойынша, елімізде күні бүгінге дейін қауіпті дерттен Нұр-Сұлтан қаласында – 1 адам, Ақмола облысында – 2 адам, Қарағанды және Түркістан облыстарында – 1 адамнан көз жұмған.

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 36 адам жазылып шықса, оны жұқтырғандар саны 525 адамға жеткен.

Тағы да оқыңыз: