Елімізде тағы 20 адамнан коронавирус табылды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

6 сәуір сағат 14:40-тағы жағдай бойынша, елімізде коронавирус індетін жұқтырған тағы 20 адам тiркелген. Атап айтқанда Шығыс Қазақстан облысында – 1 адам, Жамбыл облысында – 1 адам, Қарағанды облысында – 16 адам, Маңғыстау облысында – 2 адам.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 219 адам, Алматы қаласында – 116 адам, Қарағанды облысында – 48 адам, Ақмола облысында – 23 адам, Атырау облысы – 24 адам, Жамбыл облысында – 29 адам, Шымкент қаласында – 14 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 6 адам, Алматы облысында – 10 адам, Ақтөбе облысында – 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 25 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 5 адам, Қызылорда облысында – 37 адам, Батыс Қазақстан облысында – 2 адам, Түркістан облысында – 28 адам, Қостанай облысында – 1 адам, жалпы 604 науқас бар.

Тағы да оқыңыз: