Kyzylorda-news.kz. Бүгін, яғни 3 тамыздан бастап елімізде қатаң карантин мерзімі тағы 2 аптаға ұзартылды.

Әр аймақтағы бас санитар дәрігердің қаулысы бойынша 3 тамыздан бастап елде шектеу шаралары енгізіледі. Мәселен, күні кеше елорданың бас мемлекеттік санитар дәрігері арнайы бұйрыққа қол қойды. Оған сәйкес, сауықтық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу, форум, конференция, семинар, жиналыс сияқты жиындарды өткізуге тыйым салынады. Спорт жаттығуы тек жекелей үлгіде және ашық аспан астында өткізілуі керек.

Үш адамнан артық не бір отбасы мүшелерінен басқа экскурсия, корпоратив, топтық серуен ұйымдастыруға және рұқсат етілмеген жағажайларда шомылуға болмайды. Сондай-ақ, 65 жастан асқан адамдардың қалада және басқа да қоғамдық орындарда жүруіне шектеу қойылады. Тұрғындар маска кию бойынша міндетті талаптарды ескеріп, әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет. Бұған қоса, санитарлық-профилактикалық іс-шараларды күшейте отырып, ашық аспан астындағы көтерме азық-түлік және азық-түлік сатпайтын базарлар сағат 13.00-ге дейін жұмыс істейді. Балабақшалар жабық. Осыған ұқсас шаралар еліміздің барлық аймағында қолға алынды.

Тағы да оқыңыз: