Kyzylorda-news.kz. Энергетиктердің еңбекақысын көтеру бағытында бірқатар шара қабылданып жатыр. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өткен жылы энергия өндіруші ұйымдар электр қуатын өндіруге шекті тарифті түзету кезінде өндірістік жұмысшылардың жалақысын арттыру бойынша шара қабылдады. Ол бойынша еңбекақыны 15% көбейту көзделген. Сонымен қатар табиғи монополия субъектілерінің жылу энергиясын өндіру тарифінде еңбекақы төлеу қорын жыл сайын 4% өсіру қаралған. Осыған байланысты 2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның ЖЭО өндірістік қызметкерлер жалақысының орташа өсімі – шамамен 10% « , – деді Әлихан Смайылов депутаттық сауалға берген жауабында .

Үкімет басшысының айтуынша, Энергетика министрлігі, электр энергетикасы қауымдастығы және салалық кәсіподақтар атынан жұмыс берушілер арасында қол қойылған 2022-2024 жылдарға арналған салалық келісім шеңберінде энергетика саласы қызметкерлерінің жалақысын арттыру көзделіп отыр.

«Сондай-ақ, табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті орган жылдық статистикаға сүйене отырып, экономикалық қызмет түрлері бойынша өңірлер бөлінісінде өндірістік және әкімшілік-басқару қызметкерлерінің орташа айлық жалақысын айқындау жөніндегі талапты белгілеу бөлігінде тариф қалыптастыру қағидаларына өзгерістер енгізу мәселесін қарастырып жатыр» – дейді ол.

Тағы да оқыңыз: