Kyzylorda-news.kz. WhatsApp мессенджерінде алдағы уақытта екі апталық локдаун енгізілетіні туралы хабарлама тарап жатыр. Онда тіпті азық-түлік дүкендері де жабылып, дәріханалар ғана бұрынғы режимде жұмыс істейтіні айтылған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарды.
“Бұл жалған ақпарат. Қазіргі таңда қатаңдату шараларын қабылдау жоспарланып отырған жоқ. Бір де бір облыста мұндай мәселе көтерілмеді”, – деп хабарлады комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев.
Ол медициналық бетперде тағудың және әлеуметтік арақашықтықты сақтаудың маңыздылығын еске салды. Сондай-ақ, адамдар көп жиналатын жерлерге бармауға шақырды.