Kyzylorda-news.kz. Мемлекеттердегі иммигранттардың үлесі әр елде әрқалай. Бір жақта шетелден қоныс аударушылар тұрғындардың жартысын құраса, ал бір мемлекетте иммигранттардың көрсеткіші 0,1%-дан да аспайды. Әлемдік экономика форумының мамандары қай елдерде қоныс аударушылардың саны көп екендігін, олардың таралу көрсеткіштерін анықтап көрді, деп хабарлайды [Stan.kz](http:// https://stan.kz/kazakstan-elden-sirtka-konis-audaratin-top-15-memlekett-326189/). 

БҰҰ-ның мәліметінше, 2015 жылы АҚШ-тағы иммиграттардың (шетелде туған азаматтар) саны 48 миллионға жетіпті. Бұл көрсеткіш Сауд Арабия мемлекетінен 5 есе (11 миилион), Канададан (7,6 миллион) 6 есе  жоғары екен. Дегенмен соңғы екі елде басқа жақтан қоныс аударғандарға қарағанда жергілікті тұрғындардың саны әлдеқайда үлкен көрінеді. 

2015 жылы иммигранттардың саны көп мемлекеттерге Біріккен Араб Әмірліктері (87%), Кувейт (73%), Катар (68%), Сауд Арабиясы, Бахрейн және Оман кіріпті (соңғыларының индексі 34% пен 51% аралығын құраған). Бұл уақытта аталған елдерде туған азаматтардың үлесі сырттан келгендердің көрсеткішінен қалып қойыпты. Мамандардың ақпаратына сәйкес, осы елдер бірінші топқа жатқызылған. 

Екінші топтың құрамына Макао (57%), Монако (55%) және Сингапур (46%) еніпті. Топтарға бөлу кезінде бұлардың аумағының кіші және иммигранттарға арналған салықтық ереженің болуы ескерілген. 

Үшінші топтағы мемлекеттер “жаңа” әрі үлкен аумақты қамтитын деп табылған, оларға Австралия (28%) мен Канада (21%) кіріпті. 

Төртінші топқа мүше елдердегі иммигранттардың көрсеткіші 9%-дан 17%-ға дейін жетіп, олардың құрамына батыс өркениет мемлекеттері енген: Австрия (17%), Швеция (16%), США (15%), Ұлыбритания  (13%), Испания (13%), Германия (12%), Франция (12%), Нидерланды (12%), Бельгия (11%) және Италия (10%).

Бесінші топқа елдерінде орын алып жатқан кикілжіңнің себебінен басқа жаққа көшетін босқындар жиі қоныс аударатын мемлекеттер табан тірепті. Мысалы, 2015 жылы Ливанда иммигранттардың үлесі 20% құраған. Ал Суданнан бас сауғалаған 400 000 азамат Чад мемлеткетіне көшкен. Ол елге жаңа қоныстанған адамдардың индексі 3% жетіпті. 

Аталған деректерге орай Швейцария (29%)  АҚШ-тан иммигранттардың саны жөнінен басып озыпты. Ал Люксембургтегі сырттан келушілердің көрсеткіші 46% болған. 

Халқы ең көп әрі тығыз орналасқан Қытай (0,07%) мен Үндістанда (0,4%) иммигранттардың үлесі әлдеқайда аз болған 

Жоғарыда сөз болған иммигранттар өз елінің эмигрантары болып есептеледі. Яғни бір елден көшіп кеткендердің санының артуы сол мемлекеттің демографиясына айтарлықтай әсер ететіні сөзсіз.

Эмигранттар туған мемлекеттінің экономикасына ілгерінді ықпал тигізетін көрінеді: шетелге кеткен азаматтар өз мемлекетінің бюджетіне ақша аударып тұрады екен. Олар басқа жақта тұрғанымен өздерінің дауыс құқынан айырылады деген сөз емес. Дегенмен эмигранттарды есепке алу иммигранттарға қарағанда әлдеқайда қиынырақ. 

Эмигранттардың саны да әр мемлекетте әрқалай. Мысалы Үндістан 2015 жылы елден кеткендердің саны бойынша алдыңғы орынға шығыпты. Бір жылда туған 16 миллионнан астам адам өзге елдің тұрғыны болып саналады екен. Мексика 12 миллион эмигрантымен екінші орынға табан тіреген. Көпшілік мексикалық азаматтар көршілес АҚШ-қа қоныс аударуды жөн көрген. 

Аумағы әлдеқайда кіші Босния және Герцеговинаның тұрғындарының үштен бір бөлігі мемлекеттен көшіп кетіпті. Осылайша аталған мемлекет 2015 жылы рекорд орнатқан. Бұған ұқсас жағдай Албания мен Кабо-Верде елінде тіркелген. 

Бір мемлекетте иммигрантарының да, эмигрантарының да саны көп болған. Айтып кетсек, Біріккен Корольдікте (Ұлыбритания) 2015 жылы 8,4 миллион иммигрант пен 4,7 миллион эмигрант тіркеліпті. АҚШ-та да өзге елген кетіп қалғандардың саны көп көрінеді: 2015 жылы олардың саны 2,9 миллионға жетіпті. 

Кейбір мемлекеттерде көшіп-қону үрдісі айтарлықтай қолдауға түспеген. Мысалы, Жапонияда иммигрантардың көрсеткіші 1,7%, ал эмигрантардың үлесі 0,6% болған. 

БҰҰ-ның хабарлауынша, 2017 жылы 258 миллион иммигрант өзге елге көшіп кеткен. Дегенмен бұл индекс әлем тұрғындарының тек 3,4%-ын құрапты. Сарапшылар соңғы жылдарда иммигранттардың саны тек жоғарылағындығын айтуда, мысалы 30 жыл бұрын (1990 жылы) көрсеткіш 2,9%, 1965 жылы 2,3 % болыпты.

Айта кетерлік жайт, Қазақстан эмигранттардың көрсеткіші бойынша 15-орынға жайғасыпты. 2019 жылы ел аумағынан 3,9 миллионға жуық адам сырт мемлекеттерге қоныс аударған. Республикамыздың эммигранттар саны Индонезиямен салыстырғанда небәрі 100 мың адамға аз екен.

Тағы да оқыңыз: