Kyzylorda-news.kz. Ал жаңа үйлердің бағасы биыл 10-15 процентке көтерілуі мүмкін. Қазақстан құрылысшылары одағының төрағасы Талғат Ерғалиев осылай дейді.

Оған доллар бағамы мен шикізат нарығындағы баға тұрақсыздығы себеп. Елде құрылыс материалдарының 60 проценті шеттен импортталады. Сондықтан тұрғын үй бағасының төмендеуін болжау қиын дейді сарапшы.

Шикізат нарығындағы жағдайды ескерсек, баспана шамамен 10-15 процентке қымбаттайды. Сарапшы мәселенің шешімі ретінде халықтың әл-ауқатын арттыруды ұсынды. Себебі бұл сатып алу қабілетін айқындайды. Ал Қазақстанның біріккен риелторлар қауымдастығы президентінің кеңесшісі Нина Лукьяненко егер мемлекет инфляцияны тежей алса, жылжымайтын мүлік 5-10 процентке арзандауы мүмкін дегенді айтты. Өйтпегенде баға өзгеріссіз қалады. Себебі тағы да сол инфляцияның өсуі мен құрылыс материалдарының қымбаттауы әсер етеді.

24 kz

Тағы да оқыңыз: