Kyzylorda-news.kz. Еліміз бойынша баспана алу кезегінде 540 мың азамат тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлеуметтік тұрғын үй құрылысының қарқыны жоғары болғанымен, бұл тізімнің қысқаратын түрі жоқ. Парламент Мәжілісінің депутаты Снежанна Имашева палата отырысында осылай деп мәлімдеді. Сол себепті тұрғын үй бағдарламаларының шарттарына өзгеріс енгізуді ұсынды. Депутат әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған халыққа мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларына кірісін растамай-ақ қатысуға рұқсат беруді сұрады. Ол қазақстандықтарға «Шанырақ» бағдарламасы бойынша жаңа пәтер ғана емес, қолданыстағы үйді сатып алу мүмкіндігін беру керек екенін де айтты.

“Халықтың аса осал топтарына тұрғын үй қарыздарын беру үшін 5-10-20 «Шаңырақ» бағдарламасы іске қосылды, оның операторы «Отбасы Банк» АҚ болып табылады. Алайда бағдарламаның шарттары көп балалы, жалғызбасты ата-аналар, 1 және 2-топтағы мүгедектер, жетім балалар сияқты санаттарға қолжетімсіз. Келіп түскен 37 мың өтінімнің небәрі 1500-і мақұлданған”, – дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Снежанна Имашева.

Тағы да оқыңыз: