Қазақстанда балық шаруашылығын дамытуға не кедергі – Kyzylorda News
Басты бет

Қазақстанда балық шаруашылығын дамытуға не кедергі

29.01.2020, 17:20

498 0

Kyzylorda-news.kz «Балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС бас директоры Қуаныш Исбеков елімізде балық шаруашылығы саласының негізгі проблемасын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Негізгі проблемалардың бірі – ол су қоймаларына жіберетін шабақтардың көлемі мен түр алуандығының жеткіліксіздігі. Бұл өз кезегінде тауарлық балық шаруашылығын тежеумен қатар, сонымен қатар су қоймаларындағы балық өнімділігін қысқартады», – деді Қуаныш Исбеков Сенатта балық шаруашылығы тақырыбына арналған кездесуде.

Оның сөзіне қарағанда, аталған проблеманы шешу үшін тиісті қадамдарды іске асыру керек.

Осы орайда балық жіберу тетіктері бөлігінде нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер ұсынылып отыр. Бұл ретте «балықты көбірек ауласа, шабақты көбіреу жіберу» қағидасына көшу керек.

Сонымен бірге, мемлекеттік тапсырыс есебінен сирек және жойылып бара жатқан балық түрлерін жіберу іске асырылуы керек. Ал бизнес аулаған балық түрлерін барынша көбірек өсіруі тиіс.

Бұдан бөлек, мамандандырылған селекциялық-генетикалық орталықтарды құру қажетті айтылды. Онда балық түрлерінің аналығы шоғырланып, барша Қазақстанды уылдырықпен және шабақпен қамтамасыз етеді.

0

Пікір қалдыру