Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда химиялық кастрациялауға сотталған 4 педофилді күштеп өткізетін болады. Бұл үрдіс бірреттік емес көрінеді, оны орындауға жарты жылдау уақыт кетеді, деп хабарлайды  Tengrinews. 

“Павлодар, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстары мен Шымкент қаласында зорлық әрекеттері үшін сотталған азаматтар медициналық тексерістен өткен соң оларға қарсы күштеп химиялық кастрациялау қолданылатын болады”, – делінген ҚР ІІМ-нің қылмыстық-орындаушылық жүйе комитетінің мәлімдемесінде.

Олардың хабарлауынша, қазіргі таңда 11 азаматқа қарсы химиялық кастрациялау жазасына кесілген. Зорлаушылық әрекетін орындаған азаматтарға қарсы заң күйшейтілгеннен кейін 15 адамға осындай үкім шығарылыпты. Заң бойынша химиялық кастрациялау кәмелетке толмаған балаларды зорлағаны үшін 18 жастан асқан азаматтарға қарсы қолданылады. Бұған қоса қылмыстың бұл түріне барған азаматты мерзімінен бұрын босату, оған жеңілірек үкім мен шартты жаза тағайындау, сонымен қатар екі жақты татуласытру сынды әрекеттерге тйым салынған. 

Айта кетерлік жайт, химиялық кастрациялау жазасына кесілген қылмыскерлер алдымен бірнеше медициналық сараптамалардан, әртүрлі дәрігер мамандардан құралған комиссия қорытындысынан өтеді. Ал бұдан жалтарған азаматтарға қарсы тағы да бір жыл бас бостандығынан айыру жазасы бар екен.

Тағы да оқыңыз: