Kyzylorda-news.kz. ҚР Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шаралардың өтпейтінін айтты. Бұл туралы мемлекет басшысы өзінің «Twetter»-дегі парақшасында хабарлады.

«Халықаралық әйелдер күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында жоспарланған салтанатты жиын мен мерекелік концертті өткізбеу жөнінде шешім қабылдадым. Бұл әлемде коронавирустың таралуына байланысты қауіпсіздік шарасы үшін жасалып отыр. Ардақты аналар мен аруларға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін», – деді Мемлекет басшысы өз жазбасында.

Тағы да оқыңыз: