Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда иммигранттардың елге кіру және шығу тәртібіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда «Көшіп келушілердің Қазақстанға келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан аумағынан кетуінің қағидаларының 26-1-тармағының қолданылуын тоқтата тұру туралы» Үкімет қаулысына өзгеріс енгізіліп отыр.

«ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен бекітілген көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларының 26-1-тармағының қолданылуын тоқтата тұру туралы» ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 10 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: Қазақстан Республикасына келудің, болудың және одан кетудің жетпіс екі сағаттық визасыз режімінің қолданылуы бөлігінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен бекітілген көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларының 26-1-тармағының қолданылуы 2020 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын», – деп жазылған Үкімет қаулысында.

Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіліп, ресми түрде жарияланды.

Тағы да оқыңыз: