Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова елде медиа қызметкерлері арасында коронавирус инфекциясының төрт жағдайы тіркелгенін хабарлады.
«Біздің мәліметтеріміз бойынша, науқастардың арасында төрт журналист бар. Инфекция ауру адамдармен байланыс, яғни, қарым-қатынас арқылы берілген», – деді Есмағамбетова.
Оның сөзіне қарағанда, коронавирус жұқтырғандардың 70 пайызында ауру белгілері аса білінбей өтеді, ал 20 пайызында ауырлығы орта дәрежелі деңгейде болады.
«Бүгінде коронавирус жұқтырған адамдар саны 3078-ге жетті. 774 адам емделіп шықты. Мониторингтің шаралармен індетке шалдыққандармен байланыста болған 49 мың адам қамтылды», – деді Айжан Есмағамбетова онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында.