Kyzylorda-news.kz. Еңбек ресурсын дамыту орталығы коронавирустың екінші толқыны нарыққа қалай әсер етерін болжапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен кезеңде карантиндік шектеулер жұмыссыздықтан гөрі, сол жұмыс уақытының қысқаруына әкелген.

Коронавирустың екінші толқыны бола қалса, 167 мың қазақстандық табысынан айырылуы кәдік. Ал 2 миллиондай азамат қайта қашықтан жұмыс істеу режиміне көшуі мүмкін. Еңбек ресурсын дамыту орталығының мамандары осындай жорамал жасады. Кейбірі ақшасы төленбейтін еңбек демалысына жіберілуі ықтимал.

Ал 4 миллиондай тұрғын қалыпты жағдайда жұмыс істей береді. Бұлар кімдер? Бұлар тәртіп сақшылары, төтенше жағдай мамандары, әскерилер, өндіріс орындарының қызметкерлері және әрине медицина саласының өкілдері. Орталықтың мамандары ауыл шаруашылығында жүрген адамдар да жұмыстан қысқартылып, яки табыссыз қалмайды деп отыр.

Тағы да оқыңыз: