Қазақстанда 13 қаңтар күні ауа райы қандай болады – Kyzylorda News
Басты бет

Қазақстанда 13 қаңтар күні ауа райы қандай болады

13.01.2020, 9:00

460 0

Kyzylorda-news.kz.13 қаңтар күні Қазақстанның басым бөлігінде жаяу бұрқасын соғып, тұман түседі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Ақмола облысының кей жерлерінде таң ата және күндіз жаяу бұрқасын соғып, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таң ата тұман түседі. Күндіз оңтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метр жел соғады, екпіні 23 метрге жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз боран соғады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қостанайда оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.

Қызылорда облысының бірқатар аумақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Шымкентте белгілі бір уақыт аралығында тұман түседі.

Түркістан облысында да тұман түседі.

0

Пікір қалдыру