Kyzylorda-news.kz. 3-4 маусым күндері Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау шарасы өтеді.
Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ералы Тоғжанов онлайн брифингте мәлімдеді.
«Мектептерде аттестат табыстау мен соңғы қоңырау шарасы 3-4 маусым күндері ашық аспан астында өтеді. Онда адам саны шектеліп, санитарлық нормалар қатаң сақталуы тиіс», – деді Е. Тоғжанов Үкімет үйінде өткен онлайн брифингте.
Оның айтуынша, 3,3 млн оқушы және колледждер мен ЖОО-лардың 1 млн студенті үшін оқу жылының соңына дейін қашықтан оқыту режимі сақталады.
Ұлттық бірыңғай тестілеу жоспарлы түрде өтеді.