Kyzylorda-news.kz. 2020 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша, Қазақстан халқының саны 18 млн 653 мың 500 адамды құрады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті.

Қазақстандықтардың жалпы санының 10 млн 914 мың 800-і немесе 58,5% – қалада, 7 млн 738 мың 700-і немесе 41,5% ауылдық жерлерде тұрады.

18 млн 653 мың 500 адамның 9 млн 44 мыңын немесе 48,5% – ерлер, 9 млн 608 мыңын немесе 51,5% әйелдер құрайды.

2019 жылғы 1 ақпанмен салыстырғанда халық саны 238 мың адамға немесе 1,3% артты. Ең көп өсім үш өңірде тіркелді: Алматы қаласында (64 мың адам), Нұр-Сұлтан қаласында (58,4 мың адам) және Түркістан облысында (33,3 мың адам).

Тағы да оқыңыз: