Қазақстан халқына медициналық бетпердені шешпеуге кеңес берілді – Kyzylorda News
Басты бет

Қазақстан халқына медициналық бетпердені шешпеуге кеңес берілді

04.05.2020, 15:40

730 0

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова қазақстандықтарға жабық ғимарат ішінде де, көшеде де бетперде киіп жүре беруді еске салды.

Маска кию-кимеу қажеттілігіне байланысты туындаған көптің сауалына жауап берілді.

«Жабық ғимараттарда да, сыртта да бетперде кіп жүре беруге кеңес береміз. Неліктен оны кию керек дейсіздер ме? Біз халықаралық тәжірибеге, озық тәжірибелерді зерттеп, соны өзімізде ескереміз. Ал бүгін Дүниежүзілік денсаулық ұйымы көшеде маска киюге кеңес береді, өйткені бет жабық болғанда адам бет-аузына, мұрнына қолын апармайды. Ал бұл ауруды жұқтырудың кеңінен тараған әрекеті», – деді Есмағамбетова Facebook-тегі онлайн-брифинг барысында.

Зерттеулерге сілтеме жасай отырып, Есмағамбетова адамның үш минут ішінде бетіне, мұрнына және көзіне бес рет қол тигізуі мүмкін екенін атап өтті.