Kyzylorda-news.kz. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазмедиа орталығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті. Алқалы кеңеске аймақ басшылары – ҚХА төрағалары онлайн режимде қатысты.

Күн тәртібінде Тұңғыш Президент – Елбасы, ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілік пен келісім саясатын жүзеге асыру мәселелері, сондай-ақ еліміздің Тәуелсіздігін нығайтудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі қарастырылды.

Шара барысында облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 25 жыл толуына орай, ел бірлігі мен ұлтаралық татулықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі, облыстық мәслихаттың хатшысы Қылышбай Бисеновке «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерекелік медалін табыстады.

Сондай-ақ отырыста ҚР Конституциялық заңының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 87 бабы және ҚР Заңының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» 10 бабына сәйкес, ҚХА Кеңесі Ассамблеядан сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына Ассамблеядан сайланатын 9 үміткерді ұсынды.

Тағы да оқыңыз: