Қазақстан дүниежүзілік пошта одағына қанша жарна төлейді? – Kyzylorda News
Басты бет

Қазақстан дүниежүзілік пошта одағына қанша жарна төлейді?

29.01.2020, 11:40

309 0

Kyzylorda-news.kz Дүниежүзілік пошта одағына Қазақстан қанша жарна төлеп жатқаны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Дүниежүзілік пошта одағының Жарғысына Тоғызыншы қосымша хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын талқылау барысында депутаттар төленетін жарна сомасы туралы сауал қойды.

Мәжіліс депутаты Татьяна Яковлеваның атап өтуінше, Дүниежүзілік пошта одағын жарғысының 21 бабы мүшелік жарна төлеудің тәртібін айқындайды. Бұл бапқа сәйкес, одақтың шығындары жарна түрінде мүше елдер арасында бөлінеді.

«Мүшелік жарна сегіз санатқа жіктелген және одаққа мүше елдер жарна санатының біреуін таңдап алады. Осыған байланысты Қазақстан жыл сайын аталған ұйымға қанша жарна төлейді және бұл төлем қалай есептеледі? Бұл одаққа мүшелік Қазақстанға қандай артықшылық береді?», – деп сұрады депутат.

Өз кезегінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрі Асқар Жұмағалиев жарна 46 мың швейцария франкын құрайтынын атап өтті.

«Бүгінде осы ұйымға төменгі төлемді салып отырмыз. Бұл біріншіден бізге дауыс беруге мүмкіндік береді және басқа де мемлекеттермен қатар тұрып шешім қабылдай аламыз. Біз осы жарнаның құнын көтеруді жоспарлап отырған жоқпыз. Себебі, минималды төлемнің өзі осы ұйымдағы барлық негізгі қызметтік мүмкіндіктерді жүзеге асыруға жол ашып отыр», – деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Дүниежүзілік пошта одағының Жарғысына Тоғызыншы қосымша хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады. Осы хаттамамен Дүниежүзілік пошта одағы Жарғысына пошта аумағында барлық жолдамалардың өзара алмасуын жеңілдетуге арналған нормалар, Конвенция және Регламенттегі нормалармен сәйкестендіру, сондай-ақ қайталанатын сипаттағы нормаларды алып тастау қарастырылған

0

Пікір қалдыру