Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне Арал ауданы тұрғындарынан «QazaqGaz Aimaq» АҚ Қызылорда өндірістік филиалына қатысты ұжымдық өтініш келіп түсті.
Өтінішті қарау барысында филиалдың есепке алу құралдарын тексеру жүргізілетіні туралы тұтынушыларды заңнамада көзделген мерзімде алдын ала хабарламағаны анықталды. Нәтижесінде тауарлық газ тұтыну көлемі есепке алу аспаптарының нақты көрсеткіштері бойынша емес, норматив негізінде есептелген.
Сонымен қатар Департамент 2025 жыл мен 2026 жылдың бірінші тоқсаны аралығындағы кезең бойынша Арал ауданының тауарлық газды бөлшек саудада өткізу нарығына талдау жүргізді. Оның қорытындысы бойынша «QazaqGaz Aimaq» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы аталған тауар нарығында үстем жағдайға ие нарық субъектісі деп танылды.
Жинақталған материалдар негізінде филиал әрекеттерінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзушылық белгілері анықталып, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 199-бабының 1-тармағына сәйкес хабарлама шығарылды.
Хабарлама толық көлемде орындалды: филиал тұтынушыларға тұтынылған газ құнын қайта есептеп берді, соның арқасында Арал ауданы тұрғындарының бұзылған құқықтары реттелді.
Сурет: Сырдария ауданының әкімдігі
