Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданында күніне 12 мың кірпіш шығаратын шағын цех жұмыс істеп тұр.

Кеше аудан әкімі Мұрат Ергешбаев кірпіш шығаратын цехтың жұмысымен танысты. Құрылыс жұмысына қажетті материалды «Тоғыс Арал отын» ЖШС шығаруда. Қазіргі таңда мұнда 30-ға жуық жұмысшылар еңбек етуде. Жергілікті өнімнің бағасы да тұрғындар үшін қолжетімді.

«Тоғыс Арал отын» ЖШС директоры Мейрамбек Жұмашевтың айтуынша, Қазалыдағы цехта шығарылған кірпіштер әзірге Қарағанды мен Жезқазған қалаларына тапсырыспен жөнелтілуде.

Тағы да оқыңыз: