Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылында 100 орындық балабақша құрылысы басталды.

Қазіргі таңда еліміздің түпкір-түпкірінде заманауи талаптарға сай, кең де жарық, бүкіл керек-жарағымен толыққанды жабдықталған балабақшалардың саны артып келеді.

Биылғы жылдың мамыр айынан бастап Бекарыстан би ауылында жеке балабақша құрылысы басталды. Балабақшаның жоба құны 75 млн теңгені құрайды. Ал, жоба қуаттылығы 100 орындық.

Бұл жобаның бас демеушісі Бекарыстан би ауылының тумасы, қазіргі уақытта Ақтөбе қаласында тұратын жеке кәсіпкер Болат Сансызбаев. Құрылыс жұмыстарын бастауға 2020 жылы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен 50 млн теңге несие алды.

Тағы да оқыңыз: