Kyzylorda-news.kz. Қазалылық Құндыз Әбілтаева облыстық «Бизнес StartUp-2» байқауында екінші орынға қол жеткізіп, үздіктер қатарынан көрінді.

Облыстық «Бизнес StartUp-2» кәсіп ашу сайысы Қызылорда қаласындағы Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінде «Білімді ұрпақ – кемел келешек» атты пәндік апталығы аясында өткізілген болатын. Бұл байқауда 7 колледждің студенттері қатысып, өздерінің жобаларын таныстырды.

Сайысқа Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Фархад Абжаппаров төрағалық етті.

Құндыз Әбілтаева Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде №78 «Тасымалдау құжаттарының операторы» тобының 3 курс студенті. Жетекшісі Әліби Бекпанов.

Тағы да оқыңыз: