Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданының орталығындағы №170 мектептің оқушылары ағайынды Әзендер төтенше жағдай кезінде уақыттарын босқа өткізбей, Абай және Мұқағали өлеңдерін жаттап жарысуда.

Ағайынды Аяулым, Гауһар, Гүлназ Әзендер – мектептің озат оқушылары, аудан мақтаныштары.

Олар осы уақытқа дейін Абай, Махамбет, Қадыр, Мұқағали шығармашылығын насихаттауға арналған республикалық байқауларда бақ сынап, жүлдемен оралған.

Бүгінде төтенше жағдай кезінде олар Ұлы Абай мен Мұқағалидың өлеңдерін жаттаудан өзара жарысып, математика пәнінен олимпиадаға дайындық үстінде.

«Біз карантин кезінде уақытты босқа өткізбеуді жөн деп шештік. Күн сайын әр сағатты тиімді падаланып келеміз. Осы қиын кезеңде еңбек етіп жатқан дәрігерлер мен полицейлерге алғыс айтамыз», – дейді ағайынды оқушылар.

Айта кетейік, Аяулым мен Гауһар – облысымызда тұңғыш рет өткізілген «Тұлпар мініп, ту алған» байқауының жеңімпаздары.

Тағы да оқыңыз: