Қазалыда жыл басынан бері 1 адам суға кеткен – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қазалыда жыл басынан бері 1 адам суға кеткен

05.06.2020, 17:20

305 0

Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Басқосуға комиссия мүшелері, қала, кент, ауылдық округ әкімдері мен учаскелік полиция қызметкерлері қатысты.

Күн тәртібінде «Жазғы маусым кезінде су айдындарында суға шомылудың қауіпсіздік шаралары туралы» мәселе қаралды.

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Алтынбек Қалиев хабарлама жасап, биылғы жылы 1 азаматтың суға кету фактісі тіркелгендігін айтты.

Қазіргі таңда күннің ысуына және суға түсу маусымының басталуына байланысты суға түсу кезінде азаматтар тарапынан өзен немесе каналдардың кез келген, әрі зерттелмеген жерлеріне және судың салқындығын ескермей ішімдік ішіп суға түсуі, мектеп оқушыларының табиғатқа шығу демалыстары, балалар мен жасөспірімдердің үлкендердің бақылауынсыз суға түсуі мен олардың жүзе білмегендігі қайғылы оқиғаларға әкеліп соқтыруда.

Өкінішке орай, су – тіршіліктің көзі дегенмен, оның тілсіз жау екенін азаматтарымыз әрдайым есте ұстамайды.

Аудан бойынша қауіпті жерлер болып Сырдария өзені, Қазалы су торабы, 13 пикет, Қазалы су жүйесінің су айдағыш қондырғылары, Абай, Қарлаң қалқымалы көпірлерінің тұстары, Бірлік, Алтай және Сол, Оң жаға магистралды каналдарының тұстары, Байқожа, Майлыбас теміржол стансаларының Сырдария өзенінің тұстары, Қызылқұм, Тасарық ауылдық округтеріндегі көлдер саналады.

Комиссияда отырысында адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қала, кент, ауылдық округ әкімдері мен аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, аудандық полиция бөліміне тапсырмалар берілді.

0

Пікір қалдыру