*Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданында жоғалып кеткен бала өзен жағасынан табылды.*

Аудан тұрғыны бұл жөнінде Қазалы аудандық полиция бөлімініе хабарласты. Онда үй ауласында ойнап отырған 7 жастағы ұлының жоғалғаны айтылған.

«Полиция бөлімінің жеке құрамы жоғалған баланы іздестіру шарасына дереу кірісті. Оған жергілікті ерікті азаматтар қосылды. Жақын маңдағы барлық аумақ, үй аулалары, ойын алаңы назарға алынды. Жоғалған бала Сырдария өзені жағасынан табылды. Ювеналды полиция қызметкерлері ата-аналармен және баламен профилактикалық бағыттағы түсіндірме жұмыстарын жүргізді», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тағы да оқыңыз: