Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қазалы ауданында коронавирустық инфекцияға қарсы ерікті түрде вакцина салу науқанының алғашқы кезеңі басталды.

Ресейде шығарылған «Спутник V» вакцинасын бірінші кезекте жұқпалы індетке қарсы күресте қауіпті аймақта жұмыс жасайтын медицина қызметкерлері алып жатыр.

«Вакцинациялаудың бірінші кезеңінде Қазалы ауданында 350 медицина қызметкерлеріне екпе егуді жоспарлап отырмыз. Бірінші кезекте реанимация, жұқпалы аурулар, қабылдау бөлімінің және жедел жәрдем қызметкерлеріне екпе егіледі. Бүгін 50 медицина қызметкеріне вакцина салынады», – деді Қазалы ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Бақыткүл Әлішева.

Айта кетейік, медицина қызметкерлерін вакциянациялау жұмыстары Қазалы қаласындағы емханада жүргізіліп жатыр. Мұнда вакцинация жұмыстарын жүргізуге барлық жағдай жасалған. Оның ішінде қызметкерлердің күту, тексеру, бақылау және екпе салу кабинеттері бар.

Тағы да оқыңыз: