Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы Қазалы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан Пірімов ауылының тұсында өрісте жайылып жүрген 1 бас түйесін ұрланғандығы туралы шағым түсті. Мал иесіне 1 миллион 300 мың теңге көлемінде залал келтірілген.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдікті 51 жастағы Арал ауданының тұрғынын ұстады. Күдіктінің басқа да мал ұрлығының дерегіне қатыстылығы тексерілуде.

Тәртіп сақшылары күдіктіге ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.

Осы фактіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188/1 бабы 1 бөлігіне (мал ұрлығы) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Тағы да оқыңыз: