Kyzylorda-news.kz. «Қазалы су сервис» МКК-ның тұтынушылары үшін тарифтер төмендетілді.

«Қазалы су сервис» МКК-ның 2021 жылдың қорытындысы бойынша тарифтік сметасының орындалуына жүргізілген талдау барысында, «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 2-тармағының 15) тармақшасы, яғни бекітілген тарифтік сметаны орындау талабының сақталмағандығы анықталды.

Өткен жылға «Қазалы су сервис» МКК-ның қайта қаржыландыру ставкасын қоса есептегендегі негізсіз алынған табысының жалпы сомасы 20 040 840 теңге, оның ішінде сумен жабдықтау қызметі бойынша 8 866 240 тенге, сарқынды суды бұру қызметі бойынша 11 174 600 тенге.

Осыған орай, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Қазалы су сервис» МКК-не бір жыл мерзімге уақытша өтемдік тарифтер, оның ішінде тұрғындар үшін сумен жабдықтау қызметі бойынша ҚҚС-сыз 1 текше метрге 56,53 теңге мөлшерінде немесе 76,19 теңге қолданыстағы тарифпен салыстырғанда 25,8 пайызға төмендетіп, сарқынды суды бұру қызметі бойынша ҚҚС-сыз 18,66 теңге мөлшерінде немесе 47,48 теңге қолданыстағы тарифпен салыстырғанда 60,7 пайызға төмендетіп енгізеді.

Сонымен қатар, басқа да тұтынушылар топтары бойынша тарифтер сәйкесінше төмендетіледі.

Тағы да оқыңыз: