Kyzylorda-news.kz. Коронавирустан қорғанудың бір тәсілі – бетперде тағу екендігі белгілі. Дегенмен, дәл қазіргі кезеңде дәріханаларда бетперде тапшылығы байқалып оытрғандығы жасырыны емес. Осы тапшылықты болдырмау үшін қазалылық кәсіпкерлер қолдан бетперде тіге бастады.

Аудан кәсіпкерлері жеке қорғаныс құралы медициналық маталар мен дәкілерден бетперделерді тігіп, сатылымға шығаруда.

Айта кетейік, аталған бетперделерді аудан орталығындағы «Нұр-Әлем» сауда үйінің 2-ші қабатындағы «Гузи Билсариева» сән үйінде 200 теңгеден, «Көктем» сауда үйінің 7-ші бөлмесіндегі тігінші Лида Ниязовадан 150 теңгеден, Қазалы қаласында Мархабат Асановадан 150 теңгеден сатып алуға болады.

Айта кетейік, бұған дейін елімізде төтенше жағдайдың жариялануына байланысты Қазалы ауданындағы базар иелері мен кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін хабарлаған болатынбыз.

Тағы да оқыңыз: