Kyzylorda-news.kz. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Қазалы ауданының аудан орталығы – Әйтеке би кентіндегі сауда базарларының меңгерушілері мен кәсіпкерлерге қауіпсіздік шараларын сақтауға байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ақтілеу Бөріқұлақов, Әйтеке би кенті әкімінің орынбасары Дархан Алпысбаев және аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Еркебұлан Жүрсінбаев азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының барлық аумағында төтенше жағдай жариялануына орай сауда базарларында санитарлық-дезинфекциялық шаралары күшейтіліп, аудандағы базарлар шектеулі уақытта жұмыс істейтіндігін түсіндірді.

Сондай-ақ, кәсіпкерлерге Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінде базарлар халыққа сағат 11:00 мен 17:00 аралығында қызмет көрсететіндігі айтылды.

Ал, бұл тәртіпке бағынбағандарға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алынады.

Тағы да оқыңыз: