Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қазалы ауданы Тасарық ауылындағы №238 мектептің бу қазандығы жарылды. Келеңсіз жағдай таңғы уақыт 6-лардың шамасында болды. Апаттық жағдайдан ешкім зардап шеккен жоқ. Ең бастысы, балаларға келер қауіп жоқ. Сондықтан да ата-аналарды сабырлық сақтауға шақырамыз, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Оқиға орнына аудан әкімі Мұхтар Оразбаев пен орынбасарлары, аудандық білім бөлімі мен төтенше жағдайлар бөлімінің басшылары арнайы келіп, жағдайды қатаң бақылауға алды.

Қазіргі таңда апаттық жағдай болған жерде арнайы құрылған жұмысшы топ зерделеу жұмыстарын жүргізіп, апаттың шығу себептерін анықтауда.

Оқушылардың үздіксіз білім алуы үшін мектептің бу қазандығы тез арада қалыпқа келтірілетін болады.

Тағы да оқыңыз: