Kyzylorda-news.kz. Ағымдағы жылдың 25 наурызында ауласына той жасаған Әйтеке би кентінің тұрғыны Қазалы аудандық сотының шешімімен төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін жазаланды.

Аталған азаматқа қатысты ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 476-бабы бойынша іс қозғалып, 7 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ, 23 наурыз күні «Наурыз» мейрамханасында қыз ұзату тойын жасаған тұрғынға да әкімшілік хаттама толтырылып, аудандық сотқа жолданды.

Бүгін аудандық мобильдік топ мүшелері Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласында той жасаған 2 тұрғынды анықтап, төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Тағы да оқыңыз: