Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданында аудан әкімінің балаларға арналған жаңа жылдық шыршасы өтті. Оған аудан мектептерінен жиналған 80-ге жуық үздік оқушы қатысып, жаңа жылдық шыршаның шамы жанды.

Жаңа жыл шыршасын тойлау салтанаты алдымен оқушылардың мерекелік өнер көрсетуімен басталды. Балалар би биледі. Ән шырқады. Ертегі кейіпкерлерімен қызықты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Мерекелік шарада аудан әкімі Мұрат Ергешбаев бүлдіршіндерді жаңа жылмен құттықтап, өтіп бара жатқан жылдың жемісті болғандығын ерекше атап өтті. Және барлық оқушыларға мерекелік сыйлық табыс етті.

Концерттік бағдарламадан кейін балалар аудан әкімінің ең тәтті сыйлығы торттан дәм татты.

Тағы да оқыңыз: