Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында өтіп жатқан «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қазалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Ойынды бекетінің тұсында 36 жастағы ауыл тұрғынын тоқтатып тексеру жүргізген. Тексеру барысында ауыл тұрғыны өзімен бірге тіркеуде жоқ, 16 калибрлі, 2 ұңғылы аңшы мылтығын алып жүргені анықталды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 482 бабымен (Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) әкімшілік хаттама рәсімделіп, сотқа жолданды.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
