Kyzylorda-news.kz. Кеше «Төтенше жағдай: Журналист қалай залалсыздандырушы болды?» атты эксклюзивті мақаламызда Шиелі және Қазалы аудандарында 48 әскери міндетті жас Мемлекет басшысының жарлығына орай, арнаулы әскери жыиндарға шақырылатынын жазған болатынбыз.

Бұл азаматтардың негізгі міндеті – төтенше жағдай кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақталуын қадағалап, тұрғындарды тәртіпке шақыру.

Бүгін аудан әкімі Мұрат Ергешбаев еліміздегі төтенше жағдайға байланысты көмекке келген азаматтарға алғысын айтып, аты жаман аурудан сақтанып жүру керектігін ескертті.

Ауданда арнаулы әскери жиынға шақырылғандар учаскелік полиция инспекторларымен бірге Қазалы қаласы мен Әйтеке би кентінде қоғамдық тәртіпті сақтауға атсалысады.

Шақырылған әскери міндеттілер нысанды киім-кешекпен, ыстық тамақпен және басқа да материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етіледі.

Жиындар уақытында әскери міндеттілердің жұмыс орны мен жалақысы сақталады, ал жұмыс істемейтіндерге ең төменгі жалақы төленеді.

Тағы да оқыңыз: