Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданының полиция бөліміне Қожабақы ауылының тұрғыны жылқыларының жоғалып кеткені туралы арызданған. Белгісіз біреулер бөтеннің мүлкін жасырын түрде жымқыру мақсатында ауылдың шетіндегі егістік алқаптан 3 бас жылқы малын сол жерде сойып, етін алып оқиға орнынан бой тасалаған. Жәбірленушіге келтірілген шығынның соммасы 1 млн. 400 мың теңгені құрады.

Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерінің атқарылған жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті3 азамат анықталып, ұсталды. Үшеуіде еш жерде жұмыста жоқ, облыс тұрғындары болып шықты. Казіргі таңда күдіктілерҚазалы АПб-нің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-1-бабы2-бөлігінің 1-тармақшасы (алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасағанмал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

«Полиция департаменті мал ұрлығына және малды еркін жаюдан мал ұрлығынаықпал ететін негізгі себеп-меншік иелерінің бақылауының болмауы және иелеріне: малды жайылымда қараусыз қалдырып, салғырттық танытпауға кеңес береді» -деді Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Бектөре Сұлтан.

Тағы да оқыңыз: