Kyzylorda-news.kz. Биыл Қазалы ауданы Әйтеке би кентіне жақын орналасқан Жалаңтөс батыр, Қ.Пірімов және Басықара ауылдарын газдандыру жұмыстары басталды.

Қазіргі таңда Қ.Пірімов пен Басықара ауылдарындамердігер мекеме тарапынан құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев пен аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап құрылысын жұмыстарының барысын көрді. Қос елді мекендегі атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Нұрбек Күзембаев баяндады.

Аудан басшысы Мұхтар Әуесұлы құрылыс жұмыстарын сапалы әрі уақытылы аяқталуын қадағалауды тиісті бөлім басшысына тапсырды. Сонымен қатар, құрылыс жұмыстарына жергілікті жердің тұрғындарын жұмысқа алуды назардан тыс қалдырмау қажеттігін айтты.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Басықара ауылына кіре беріс жолда салынып жатқан көпір құрылысына да арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстарды сынға алды.

Аудан басшысы мердігер мекеме «Жылу ХХІ» ЖШС директоры Көпжан Бижановқа көпір құрылысы белгіленген кестеден кешігіп келе жатқанын ескертіп, алдағы күндері жұмысты ширату қажеттігін айтты.

Тағы да оқыңыз: