Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес Аранды ауылында қазалылық кәсіпкер Темірхан Кенжебаевтың демеушілігімен балалар ойын алаңы мен спорт алаңы салынуда. Қазіргі таңда ойын алаңының құрылыс жұмыстарын «ҚазалыСтройСервис» ЖШС қарқынды жүргізуде.

Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев Аранды ауылына арнайы барып, балалар ойын алаңының құрылысын көрді.

Аранды ауылдық округінің әкімі Әбілғазы Томаев балалар ойын алаңының жалпы аумағы 70х40 метрді құрайтынын жеткізді. Алаң ішінде жаздық сахна мен тұрғындар отыратын орындар, балалар мен ересектер үшін тренажерлық құрылғылар орнатылады деп жоспарлануда.

Бүгінгі күні спорт алаңының жерін көтеріп, сыртын қоршау жұмыстары аяқталған. Ендігі кезекте алаңның жиектері биіктетіліп, жасанды төсеніштері төселетін болады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазалы ауданына қарасты Ү.Түктібаев ауылында жаңа спорт кешенінің іргетасы қаланған болатын. Сонымен қатар биыл Қ.Пірімов ауылынан спорт кешені пайдалануға берілсе, Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласынан, Шәкен ауылы мен Байқожа елді мекенінен 5 спорт алаңы салынды.

Тағы да оқыңыз: