Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев бекітілген кестеге сәйкес аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдауға кезектілігіне сәйкес алты адам келіп, өз мәселелерін жеткізді. Өтініштердің басым бөлігі көпқабатты тұрғын үй ауласының тазалығы жайында болды. Сонымен қатар көше жолдарын асфальттау, сондай-ақ тұрақты жұмысқа орналасу сынды мәселелер тұрғындар тарапынан қойылды. 

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев жеке қабылдауда көтерілген мәселелердің барлығына жауап берді. Тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлер тиісті заң аясында ғана шешілетінін жеткізді. Мәселен, жұмсыссыздық мәселесімен келген тұрғындарға мамандықтарына сәйкес сұраныс болған жағдайда бос жұмыс орындарына кезектілікпен жіберілетіндігі түсіндірілді.

Аудан басшысы басқа мәселелер бойынша да тиісті заңдылықтарға сәйкес жұмыстар жасалатындығын айтты. Мәселе көтерген тұрғындарға проблемаларды шешу бойынша заңдылықтар түсіндіріліп, жол көрсетілді.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев аудан әкімінің жауапты орынбасарлары мен тиісті сала басшыларына жеке қабылдауға келген әрбір тұрғынның мәселесін бақылауға алу жөнінде тапсырма берді.

казалы.jpg

Тағы да оқыңыз: