Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Жеке қабылдауда тұрғындар алаңдатқан маңызды мәселелерді қозғап, өздерінің сауалдарын жолдады. Тұрғындар тарапынан аң аулауға рұқсат алу, тұрақты жұмыспен қамту және тағы басқа да мәселелер қозғалды.

Аудан басшысы Мұхтар Оразбаев әр тұрғынның сауалдарына заңды түрде жеке-жеке жауап беріп, әрбір мәселеге талқылау жасап, шешу жолдарын қарастырды. Сондай-ақ, алдағы уақытта тұрғындардың мәселелерін бақылауда ұстайтындығын айтып, жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар берді. Сонымен қатар бұл мәселелердің шешу жолдарын қарастырды.

Жеке қабылдаудан соң аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Әйтеке би кентіндегі Ерімбет Көлдейбекұлы көшесінің бойындағы 6 көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарымен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Кездесуде тұрғындар көпқабатты үйлердегі ауыз су және жарық сияқты мәселелерді көтеріп, аудан басшысының назарына ұсынды.

Өз кезегінде аудан әкімі Мұхтар Оразбаев тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерді назарға алып, тиісті жұмыстар атқару үшін бірқатар сала басшыларына тапсырма берді.

Тағы да оқыңыз: