Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.
Өздерін толғандырып жүрген түрлі сауалдармен ауданның онға жуық азамат жүгінді. Тұрғындардың негізгі сауалдары баспанамен қамту және тұрақты жұмысқа орналасу бағытында қойылды.
Қабылдау барысында аудан басшысы Мұхтар Оразбаев азаматтардың арыз-шағымдарына дәйекті жауап беріп, мәселелерді заң шеңберінде шешуді тапсырды.
Сондай-ақ, аудан әкімі тиісті сала басшыларына жеке қабылдауда көтерілген мәселелерді мұқият бақылуда ұстау қажеттігін айтты.
