Қазалы ауданындағы мектепке 2 млн теңге сыйақы табысталды – Kyzylorda News
Басты бет

Қазалы ауданындағы мектепке 2 млн теңге сыйақы табысталды

04.10.2021, 17:00

182 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы ауыл мектебі 2 млн. теңгенің сертификатын жеңіп алды. Мұндай сертификатқа республиканың 2 мектебі қол жеткізген.

Алғашқы сертификат Қызылорда облысының Қазалы ауданында орналасқан Ержігіт Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейіне табысталды. Білім ордасы ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасында жоғары нәтиже көрсетіп, 4 мыңнан астам мектеп арасында үздіктер қатарында болған. Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының №1 Смирнов орта мектебі де ақшалай сыйақыны иемденді. Білім ошағына «Елбасы медалі» жобасында ең көп медаль бұйырған.

Айта кетерлігі, екі жыл ішінде «Елбасы медалі» жобасына ел бойынша 20 мыңнан астам адам қатысты. Олар: спорт, таланттар мен дағдылар, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек тәжірибесі сынды жеті бағытта ізденеді.

«Солтүстік Қазақстан облысы бойынша барлығы 292 қатысушы қола медаль жеңіп алды. Қазіргі уақытта өңір бойынша «Елбасы медалі» жобасының бағдарламасына 404 жас қатысты. Бұл үлкен жетістік», – дейді «Елбасы академиясы» КҚ көшбасшылықты дамыту орталығының басшысы Айгүл Қуатова.

Хабар 24

0

Пікір қалдыру